«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Батыс Қазақстан облысының логотипі

Батыс Қазақстан облысының Елтаңбасы — геральдиканың жалпы заңдары мен талаптарына негізделіп орындалған. Елтаңба жалпы еліміздің және біздің аймақка тән ерекшеліктерді көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы мазмұнының концептуалдық негізі Елтаңбада пішіндер, түстер мен рәміздер арқылы көрсетілген. Оның тарихы, мәдениеті, өткен және бүгінгі экономикасы мен жарқын болашаққа ұмтылысының кескін-келбеті бейнеленіп тұр.

Елтаңба негізі дөңгелек пішінді. Шеңбер осы жерді мекендеген халықтардың ынтымақтастығын, теңдігін және айқын достығын білдіреді. Сондай-ақ, мәңгіліктің, бірлік пен шексіздіктің белгісін, абсолют пен кемелденудің уақыт рухына сәйкестігін сипаттайды.

Шеңбер бұл — қалқан. Пугачев көтерілісі тарихы, Сырым Датұлының халық- азаттық қозғалысы, Махамбет пен Исатай басшылығымен өткен қаналған халықтың күресі және Ертарғын, Жиенбет сияқты т.б. халық батырларының айбындылығы болып табылады.

Елтаңбаның орталық бөлігінде шаңырақ символикалық бейнеленген. Ал шаңырақ маңайында төрт түсті жазықтықтар үдемелі біріктіріліп, қосылған: көгілдір-жасыл, сары-сарғылтым, жасыл және сары түстер. Шаңырақ — ортақ үйіміз Қазақстан екендігінің нышаны, бейбітшіліктің, бір шаңырақтың астында мекендеген халықтардың достығы мен ынтымағының, елінің тұтастығы мен тәуелсіздігінің нышаны. Елтаңбада Шанырақ экономиканың, тарихтың, мәдениеттің, әр түрлі ұлттардың, әр түрлі діни конфессияларының бір ортаға тартылысы мен үдемелі бірігуін көрсетеді. Шанырақ — бұл аграрлық және индустриялық экономиканың негіздерінің және облыстың рухани бастауының өзегі, Евразияның орталық бөлігін ағып өтетін Урал өзенінің кіндігі. 

1. көгілдір-жасыл түс түркі халықтары үшін дәстүрлі түс болып табылады және бүкіл жер беті мен адамдар үшін аспан шексіздігін, халықтың әл-ауқатын, бейбітшілік пен бірлігін білдіреді. Осы түстің бетінде өлкеміздің жер қойнауы байлықтарының айқын нышаны мұнай қондырғысы (Қарашығанақ пен Чинарев кен орындары) мен еліміз бен облыс экономикасының өркендеуі үшін маңызы зор зауыттар нышаны-13 тістен тұратын темір тісті бөлшек орналасқан. Темір тісті бөлшектегі тістер саны 12 облыс аудандары мен «Орал қаласы» дегенді білдіреді.

2. Сары-сарғылтым түс- отбасына, дәстүрге сенім мен адалдықты білдіреді.

3. Жасыл түс- үміт, қуаныш, береке, бостандық пен денсаулықтың символы. Жасыл түс бедерінде орналасқан Домбыра —бұл Дәулеткерей, Мұхит, Құрманғазы, Дина, Сейтек, Мәмен, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев және Хамза Есенжанов сияқты дарынды композиторлар отанының нышаны. Олардың өнерлерін біздің жерлестеріміздің бірнеше ұрпақтары жалғастыруда. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің алғашқы бөлігінде жалғыз біздің атақты жерлестеріміз Науша және Махамбет Бөкехановтар, Әнуар Медетов, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Оқап Қабиғожин және т.б. қатысуы кездейсоқтық емес. Әуел бастан біздің өлкеміз халқымыздың музыкалық шебер туындыларының бесігі. Осылайша, біздің облыс еліміздің басқа өңірлерінен ерекшеленеді.

4. Сары түс- байлықтың, әділдіктің, ұлықтылықтың, маңыздылықтың, ғажаптықтың белгісі, тұрақтылық, қуаттылық және сенімді білдіреді. 

Елтаңбаның динамикалық ортасы «қошқар мүйіз» өрнегімен көмкерілген.

Елтаңба үстінде төрт «қошқар мүйіз» өрнегінен тұратын, әлемнің төрт түбегейлі нүктелеріне бағытталған қасиетті ою орналасқан. Қазақтар үшін 4 саны- төрт түбегейлі бағыттарды, адамның төрт мінезділігін, жылдың төрт маусымын білдіреді. Ежелгі заманнан бері, адам денсаулығы оның денесіндегі төрт элементтің үйлесімді және ұйқасымды комбинациясына байланысты екендігі пайымдалып келеді. Сондай-ақ, 4 саны барлық тірі жандардың тұрақтылығы пен тепе-теңдігі болып табылады.

Біздің өңір бидайдың қатты сортын өсірумен шұғылданатын егін шаруашылығының айқын нышаны. Елтаңбадағы бидай құрағы осының көрінісін баяндайды. Бұл да облыс мақтанышы болып табылады.

Елтаңбаның шетін көмкерген күміс түс — бұл тазалықтың, адалдықтың, даналықтың, мұңсыз қуаныштың, жомарттықтың, ашықтық пен шыншылдықтың символы. Күміс түстің бедерінде сары әріптермен облыс атауы «Батыс Қазақстан облысы» деп жазылған.