«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Халыққа арналған жадынама

Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге
мәлімет үшін

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,
лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
ломбардтар;
бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.
Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.
Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.
Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» - «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.
Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.
Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қаржы мониторингі комитеті


eGov-тың 30 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады

Электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 30 қызмет қолжетімді.
Қызметті бір реттік пароль арқылы алу үшін, www.egov.kzпорталында авторизациядан өткен қолданушыға ЖСН және «мобильдік азаматтар қорында» тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсету қажет, содан соң алынған бір реттік парольді арнайы жолға енгізу керек. Телефон номірін ЖСН-ға бекітуді қолданушының Жеке кабинетінде немесе ХҚКО-да жүзеге асыруға болады.

Бір реттік пароль бойынша мемлекеттік көрсететін қызметтердің тізбесі:

  1. Мекенжай анықтамасын алу;
  2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  3. ЖТ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  4. Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
  6. Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органмен бекітілген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
  8. Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
  9. Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
  10. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру;
  11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
  12. Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтаманы алу;
  13. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру;
  14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру;
  15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу;
  17. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама алу;
  18. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру;
  19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру;
  20. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  21. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;
  22. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;
  23. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;
  24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  25. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру;
  26. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;
  27. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу
  28. Некенің бұзылғаны туралы анықтама алу;
  29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
  30. Туу туралы анықтама алу.

Электрондық цифрлық қолтаңбасыз қандай қызметтерді алуға болады және бір реттік құпиясөз дегеніміз не?

Мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету мақсатында электрондық үкіметте 2017 жылғы 1-шілдеден бастап 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Бір реттік құпиясөз арқылы берілетін алғашқы қызмет биылғы жылдың сәуір айында іске қосылған сотталмауы (сотталуы) туралы анықтама еді.
20 қызметтің 15-і бір реттік құпиясөзді пайдалану арқылы қолжетімді болса, қалған 5 қызмет үшін порталда тіркелу жеткілікті.
Қандай қызметтер бір реттік құпиясөз арқылы қолжетімді болады?
Мемлекеттік органдармен келесі танымал қызметтер іріктелген: мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікті тіркеу және құқықтың аяқталуы туралы жеке тұлғаларға анықтама беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тыйымдар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алу, азаматтық хал актілерін қайта алу және тіркеу және т.б.
Қалай жұмыс жасайды?
Бір реттік құпиясөз дегеніміз азамат белгілі бір қызметті алу үшін сұрау салған кезде sms арқылы ұялы телефонға келетін хабарлама. Сұрау салушының телефонына келген тексеруші құпиясөзді (код) eGov.kz порталында енгізу қажет. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріліп, базадағы нөмірмен сәйкестігі расталып, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңсеріне баруға болады.
Қандай қызметтерге авторизация керек?
Отандастар дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу,  медициналық ұйымға тіркеуге тұру сияқты қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасыз пайдалануға болады. Бұл жерде медициналық ұйымға тіркелгендер ғана үйге дәрігерді шақыра алатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар, әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама мен жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-гі апатты жоюшыларға) анықтамалар беру қызмметтері қолжетімді болмақ.
Мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жұмыстары проактивті мемлекетті дамытуға бағытталған. Яғни, азаматтардың қатысуынсыз берілетін қызметтер саны үнемі көбейетін болады.


Хабарландыру!

2017 жылдың 26 қазанында облыстық қазақ драма театрында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үрдісіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдыру және көрсетілетін мемлекет­тік қызметтер туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – халыққа қызмет көрсету орталығы департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлауда. Жәрмеңкеге қатысуға ең көп қажет салалар (жер қатынастары, ТКШ, сәулет, денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту) таңдалды. Облыс орталығы тұрғындарына мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алу, сонымен қатар кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруге қосымша мүмкіндік туады.


 

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті, ал 96-ші қадамда орталық мемлекеттік органдардың статистикалық деректер базасына онлайн-қолжетімділікті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.
«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Бұл Заңда Ашық үкімет порталдарында жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру үшін ережелер белгіленген.
Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.


Скачать: «ҚР Халықты әлеуметтік қорғау Заңының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы №369 ҚР Заңына түсінік беру

 

Скачать: Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу бойынша сұрақтар  

 

Скачать: О модернизации системы социальной помощи


ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 СҰРАҚЖӘНЕ ЖАУАП


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы хабарландыру

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.


Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

 

Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін – Заң)өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_

 

2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ,  халықаралық және шет елдік ҮЕҰ  филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті  органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355).

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар,  ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17 бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті  органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс.

 

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекітілген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсцынылады:
- 2017 жылғы 31 наурызға дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда)
- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.  
ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады.  
ҮЕҰ деректерінің тізілімі http://www.register-ngo.kz сайты күші жойылған. 
Осылайша, есепті ақпарат толтырылған кестенің екі нұсқада – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жалпы нысан 3 тараудан тұрады:  Жалпы мәліметтер, Қызмет туралы мәліметтер және Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер.

 

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар  әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға  жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npoсайтында табуға болады.

 

Нысанды толтыру барысында үкіметтік емес ұйымның басшысына белгілі бір құжаттар тізімі: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректері, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерін (бар болған жағдайда) тіркеу туралы мәлімет, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бекітілген жобалық өтінімдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарттар, гранттық келісімдер және т.б. есептік мерзімі бойынша – 2016 жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (бар болған жағдайда) құқық белгілеуші құжат қажет болады
Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтізбелік жыл есептік мерзім болып есептеледі. Тиісті тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгілейді.

 

Маңызды:үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуыҚазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648  бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті.

 

Бүгінгі таңда  «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталы әзірленді. Қазір портал сынақтық режимде жұмыс істейді. Интернет – порталды жалпыға ортақ қолдануға енгізгеннен кейін ҮЕҰ жыл сайын өз қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың жеке  кабинетіндегі Үлгіге сәйкес жаңартып отырады деп күтілуде.
Қажет ақпаратты алу үшін «жедел желі» телефондарына жүгінуге болады : 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43.
Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің электрондық мекен-жайына жібере алады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Азаматтық қоғам істері комитетінің құрамындағы ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жауапты.


Әкімшілік жауапкершілік: 
Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ – ескерту; 2 тармақ – қайталама бұзу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе 3 ай мерзімге уақытша жұмысын тоқтату).

 


 

Хабарландыру

Құрметті облыс тұрғындары!

 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі террористік қауіптілікпен байланысты хабарларды қабылдау мақсатында бірегей үш таңбалы нөмір - «110» қауырт желісін енгізгендігін хабарлайды.

 

Қазақстанның кез келген нүктесінен «110» нөміріне хабарласқан азаматтардың қоңырауы аумақтық ерекшеліктеріне сәйкес ҰҚК Департаментеріне түсетін болады.


«110 қауырт желісі», ең алдымен, жоспарлану, дайындық не қаржыландырылу және ұйымдастырылу сатысындағы терроризм актілері туралы, радикалды, діни емес ағымдарды ұстанушылардың оқытулары, терроризм мен діни экстремизм идеологияларын насихаттау және тарату туралы жедел хабарлама жасауға арналған.

Батыс Қазақстан облыстық терроризмге 
қарсы күрес оперативтік штабы