«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы жаңашылдықтар  туралы мемлекеттік органдарға және бизнеске айтып берілді.

2017 жылғы 15 қыркүйек                                                     Орал қаласы

Орал қаласында Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Р.Бекетаевтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтің қатысуымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларына түсіндірме беру және сатып алудың жаңа тәсілдерін талқылау бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысына Қаржы министрлігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері), «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында бизнес-қауымдастық өкілдерінің пікірлері тыңдалды және мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері бойынша тиісті баға берілді.

Жалпы алғанда іс-шара барысында қызу пікірталас болды және қойылған сұрақтарға сапалы әрі толық жауаптар берілді.

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалық реттеуді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізуді көздейді.

Бұдан басқа, Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына бірқатар тұжырымдамалы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Атап айтқанда, Қағидаларға өзгерістер, бірінші кезекте құрылыс саласында сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Енді материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы құжаттармен  немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді, тіркеуге жататын техниканың техпаспортын қоса берсе жеткілікті болады.

Еңбек ресурстарына талаптар да осыған ұқсас жеңілдетіледі, мұнда аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерді ғана растау керек.

Қағидаларға осы өзгерістер өтінімдерді формалды және негізсіз кейінге қалдыру жағдайларын бірден бірнеше есеге қысқартады және бәсекелестікті арттырады.