«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

2017 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.