«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде интернет-конференцияны өткізілетіндігі туралы хабарландыру

2017 жылдың 2 тамызда сағат 15:00 – 18:00 аралығында (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференциясы өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурстарында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақтарыңызды қою үшін kyzmet.gov.kz. мекен-жайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-порталына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, өздеріңіздің сұрақтарыңызды қоюға болады.