«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын облыс тұрғындары арасында түсіндіру мақсатында, облыстық ақпараттық топ құрамында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Е.Ғ.Төремұратов 2017 жылдың 15 ақпан және 21 ақпан күндері Зеленов ауданының Янайкин және Көшім, Сырым ауданының Жымпиты ауылдық округтерінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Тұрғындармен кездесулерде Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ Жолдаудың бесінші басымдығы - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты толығырақ ақпарат берілді.