«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Ашық есік күні

2015 жылғы 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы бірлескен жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетін халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған "Ашық есік күні" өткізілді.

Күн тәртібінде құрылыс және мемлекеттік сатып алу салаларындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелелер бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы сөз сөйлеп, жаңа ҚР "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы, Елбасының Қазақстан халқына "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" атты Жолдауы, Мемлекет басшысының бес институционалдық жоспарын іске асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспары, ҚР " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы туралы айтып өтті.

Жиналысқа қатысушыларға М.С.Нұртазин Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Жарлығының негізгі бағыттары, міндеттері және іске асырылу барысы жөнінде атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде "мүлдем төзбеушілік" қағидасына сипаттама берілді.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары талқыланды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын-алу мақсатында қоғам институттарын жандандыру, заңнаманы жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің маңыздылығы айтылып өтілді.

Жиналыс барысында Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Баймағамбетова Алмагүл Төлегенқызы және бас маман-заңгер міндетін атқарушы Гайнутдинов Ильдар Рафикович сөз сөйлеп, облыстағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің өткізілу барысы туралы, Басқарма қызметін облыс әкімінің өкімімен бекітілген жұмыстар мен қызметтер тізбесіне сәйкес жүзеге асыратындығы, барлық мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтық қағидасының негізінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталында өткізілетіндігі, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде кездесетін негізгі проблемалық мәселелер жөнінде айтты.