«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық оқыту

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жұбаныш Аманқос Сағынұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының заңды күшіне енетіндігін хабарлады. Жоғарыда аталған Заң күшіне енгеннен кейін бұрын әрекет еткен  ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы күші жойылатын болады. Қатысушыларға ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізгі нормалары түсіндірілді. Құқықтық оқытуды өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті сұрақтар белсенді талқыланды.

Сонымен қатар, А.С.Жұбаныш сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу үшін жауапкершілікті қарастыратын әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары туралы атап өтті.