«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Жақсылық бумерангі

Бүкіл әлемде жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қариялар күні мерекесі аталып өтіледі. 
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерлерінің өз тілектерімен Халықаралыққариялар күні қарсаңында "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мереке бізге тек аға буынның ерлігіне үлкен алғыс сөздерін білдіру ғана емес,  сондай-ақ оларға адал ниет танытуға мүмкіндік береді. Бұл қария адамдардың, әсіресе соғысқа қатысушылардың және тыл еңбеккерлерінің қажеттіліктеріне тағы да бір рет көңіл бөлуге жақсы себеп болып табылады. Олар бізді жақсы болашаққа сенуді, Отанды сүюді, әдептілікті және әділдікті бағалауды үйретті.

Қала және облыс тұрғындарын адал бастамаларға қосылуға және қария адамдарға көңіл бөлуге шақырамыз.

Себебі жақсылық жақсылықпен марапатталады. Бумеранг нәтижесі !!!