«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында

2002 жылдың 20 желтоқсанында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 57 отырысында 23 маусымын Мемлекеттік қызмет күні ретінде жариялау туралы қарар қабылданды және мемлекеттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері әр елде күнін анықтау үшін шақырды. Елбасының Жарлығымен 2014 жылы 23 маусымы Мемлекеттік қызметші күні ретінде бекітілді. Осыған орай, басқарма қабырғасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне орай, Қазақстан Республикасының Гимнің айтумен басталған, салтанатты жиын өтіп, басқарма басшысы Алмагуль Тулегеновна Баймагамбетова барлық жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол барша қызметкерлерге денсаулық, отбасылық амандық, абыройлы еңбектерін жемісті атқарып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға тілек білдірді. Жиналыс соңында бірқатар басқарма қызметкерлеріне мінсіз еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс хаттар табыс етілді.