«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Ереже

2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 378
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
3. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. 
16. Функциялары: 
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді; 
2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген  тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;
3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;
5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
7) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
9) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
10) заңнамамен көзделген жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді;
11) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
12) заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
13) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
14) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар алады;
15) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізеді;
2) мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;
3) мемлекеттік органдарда, сотта «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
5) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері, жобалау-сметалық құжаттамасы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы, жұмысқа тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұратады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3.«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4.«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.