«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
A A A+
Басқарма жұмысы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу
басқармасының қызметі туралы аналитикалық ақпарат

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет атқарады.
Бекітілген тізбеге келісідей жұмыстар мен қызметтер түрі кіреді:
1. Жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, үймереттерді, инженерлік және көліктік коммуникацияларды құру (салу) не қолданыстағыларды реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, аумақтарды абаттандыру;
2. Жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда жоба алды және (немесе) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу;
3. Қызметтердің құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк  қызметтер (техникалық қадағалау).
Басқарма конкурс және аукцион тәсілдері бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуларды Тапсырыс берушілердің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес берген өтінімдерінің негізінде ұйымдастырады және өткізеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2017 жылы Басқармамен конкурс тәсілімен 297 мемлекеттік сатып алулар жарияланды және ұйымдастырылды. Жарияланған мемлекеттік сатып алулардың соммасы 50 403 329,382 мың теңгені құрады.